«Қазақстан балалары –Нұрлы болашақ» республикалық акция шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» аясында 5-маусым күні Дауқара орта мектебінде жазғы сауықтыру лагерінің музыкалық жетекшісі Жанысова Т.Қ. «Бақытты балалық шақ» шағын концерт ұйымдастырды.
1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мектеп жанындағы лагердің жетекшісі Сердалина М.А. мен музыкалық жетекшісі Жанысова Т.Қ., орыс тілі пәнінің мұғалімі Усина М.Ш. «Бала деген бір бақыт» атты ертеңгілік өткізді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2019 жылы халыққа арнаған жолдауында «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, сондықтан бүгінгі 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Болашақ жастардікі» атты салтанатты жиыны өтті.
Халықаралық отбасы күніне арналған шағын орталығының тәрбиешісі Абишева Г.Қ. "Отбасы - бақыт мекені" атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілік шаттық шеңберінен басталды. Тәрбиеленушілер отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін айтты. Балалар ата-аналармен бірге "Анаңды тап", "Шар" ойындарын ойнап, аналарға арналған билер мен әндер айтты.
13 мамыр күні 2 сынып жетекшісі Сердалина М. А. Үлкенді құрметтеу, отбасы мүшелерін сыйлауға, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.