Осыдан 27 жыл бұрын 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің Қарулы күштерін және Ұлттық ұланды құру жайлы жарлыққа қойды. Бүгінде осы күн Отан қорғаушылар мерекесі ретінде тойланып келеді. Дауқара орта мектебінде 6 мамыр күні «Отан қорғаушылар» патриоттық акциясы өтті.
11 сәуір күні Дауқара орта мектебінде аудандық оқу бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Сабақтарда критериалды бағалауды ұйымдастыру және сабақтарды жоспарлауда практикалық дағдыларды дамыту» атты аудандық семинар өтті. Оған Саумалкөл ҚОМ, Қаратал ОМ, Қарағамыс НМ,Егіндіағаш бастауыш, Шүкірлік НМ бастауыш мектебі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен, үш тілділікті дамыту қанатқақты жобасы бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері және сынып жетекшілер, поэзия сүйер қауым және аудандық әдістеме кабинеті әдіскерлері Мырзахметова Гүлнар Серікжанқызы
Дауқара орта мектебінде жетім, жартылай жетім, мүгедек, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әлеуметтік көмек және қамқорлық көрсету мақсатында қамқорлық кеңесінің мүшелері және жоспары бекітілді.