Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    #Семинар #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_СКО

    Ағымдағы жылдың 28-ақпанында Айыртау аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде Дауқара орта мектебінде "Біртұтас тәрбие: Ізденіс. Инновация. Тәжірибе" атты семинар жоғары деңгейде болып өтті. 

    2025 жылғы ақпан айының 28-і күні аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту, оқушылардың рухани, адамгершілік және әлеуметтік, ұлттық құндылықтарын дамыту мақсатында біздің мектебімізде «Біртұтас тәрбие: Ізденіс. Инновация. Тәжірибе» атты семинар өтті. Бұл шараға аудан мектептерінің ұстаздары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, біртұтас тәрбие жүйесін қалыптастырудың маңызды мәселелері талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастырды.
    Білім ұлттық тәрбиемен ұштасқанда ғана сапалы болмақ. Оқушы бойына рухани құндылықты, ұлттық мүддені сіңіргенде ғана өз Отанын, елін, отбасын сүйетіні анық. Семинарды мектеп психологі Киманова Г.М. «Кел билейік» атты тренингпен бастады, ДТІЖО Киманова Г.О. және ДОІЖО Абдушева А.Б. «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» тақырыбында коучингпен жалғастырды. Коучингтің мақсаты: Өткен ұрпақтардың тәжірибесін, дәстүрлерін және өнер туындыларын сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізу арқылы ұлттық мәдени мұрасын қорғау. Сонымен қатар семинар барысында ашық сабақтар да өткізілді. Кунанбаева Ажар Советовна Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі тақырыбында қазақ әдебиетінен және Серикова Асылзат Азаматовна «Бренд-менеджмент-тауарлар мен қызметтерді танымал ету шарты» тақырыбында география пәнінен ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір сабақтың өзінде жаңа әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар қолданылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды. Мұғалімдер оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері Сердалина Мақпал Арабовна, Жахиена Айнаш Алтаевна, Әнәс Нұрай Жалғасовна «Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында, Дюсенова Қарлыға Каратаевна мен Курмаш Даулет Канатбекұлы «Алғыс ізгі-ниет» тақырыбында ашық тәрбие сабақтарын өткізді. Ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығы бойынша Мажикеева Қ.А, Мукажанова Г.Қ., Токишева Д.А. «Ұлттық құндылықтар-отбасы тәрбиесі негізі» тақырыбында ата-аналармен жұмыс өткізді. Алтаева Индира Мухтаровна «Ұлттық құндылықтар біздің-байлығымыз» тақырыбында шебер сынып көрсетіп, келген қонақтарымызға жақсы әсер қалдырды. Тленбаев Олжас Дулатович, Кунанбаев Ануар Амантаевич «Қазақ күресінің техникасы мен тактикасы» тақырыбында қазақ күресінің қыр-сырларын айтып әдіс-тәсіл түрлерін көрсетіп кетті.
    Бұл шара мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып, біртұтас тәрбие жүйесінің негізін қалыптастыруға зор ықпал етті. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскерлері Адима Қашқынбаевна мен Балбөбек Қалеловна мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, мектеп ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.
    #Cеминар #Біртұтас_тәрбие_Сқо #СҚО #СКО #Біртұтас_тәрбие 
    https://www.facebook.com/100019028287332/videos/4092871781037836/?app=fbl
    12.03.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки