Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағдарламасына сәйкес Дауқара орта мектебінде ерікті «Адал ұрпақ» клубының құрған жоспары бойынша 7-8 сынып жетекшісі Альмаганбетова З.Ж. «Біздің таңдауымыз – зайырлы мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дауқара орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп кітапханашы Мажикеева Ж.Н. «Қазақстан туралы 100 кітап» акциясын өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Тоқышыва Д. А. мектеп кітапханасына "Айбын" энциклопедиясын сыйлады.
"Алғашқы қоңырау" мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның қонақтары:аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Габдуллин А. С., Дауқара орта мектебінің қарт ұстаздары. Мектеп директоры А. Нұрпейісов оқушыларды, мектеп ұжымын, ата-аналарды жаңа оқу жылмен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 8 бүлдіршінге ақ жол тілеп, Н. Назарбаевтың 1-сынып оқушыларына арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты кітаптар сыйға тартылды. 1-11 сынып жетекшілері "Мен - өз елімнің патриотымын" тақырыбында Білім сабағын өткізді.
"Туған жер" жобасы аясында 23-маусым күні "Достық" атты мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жетекшісі Жахиена А.А. мен аға тәлімгер Мажикеева Қ.А. ұйымдастыруымен 10 оқушы Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалдық кешеніне саяхатқа барып келді. 25 оқушы және 15 мұғалім "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысты. 1 оқушы Қарағанды қаласына, 4 оқушы Бурабайға барып демалып келді. Айыртау ауданындағы "Сокол" сауықтыру лагеріне тұрмысы төмен және көп балалы отбасы балаларының ішінен 14 оқушы демалды.
5 маусымнан бастап "шатырлы қалашық" жобасы іске асырылды. Аға тәлімгер Мажикеева Қ.А. бірінші кезекте жобаның өлкетану бағыты бойынша әр күнге жоспарын құрып, бағыт картасын белгіледі. Шатырлы қалашыққа 5-9 сыныптар арасында 12 оқушы қатысты, оның 7 оқушысы көп балалы отбасынан. Оқушылар өмір қауіпсіздік ережесімен танысты. Күнделікті атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Осылайша саяхатымыздың әр күні қызыққа толып, балалардың жүздерінен ризашылық белгілері сезіліп тұрды.
5-мамыр күні "Мәңгілік Ел" патриоттық акциясы аясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сердалина, аға тәлімгер Қ. Мажикеева, музыка пәні мұғалімі Т. Жанысованың ұйымдастыруымен "Жеңіс келді көктемде" атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға ауылымыздың тыл ардагерлері мен қариялары шақырылды. Мерекелік концерт мектеп директоры А. Нұрпейісовтың Ұлы Жеңіс Күні мерекесімен құттықтау сөзінен басталды. Сондай-ақ мектеп ұжымының ұйымдастыруымен тыл ардагерлеріне ас берілді.
Айыртау ауданында өткен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында ХVІІІ республикалық Абай, Шәкәрім және VІІІ Махамбет оқуларының байқауына біздің мектептен 12 оқушы қатысты. Оның 11 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
Алматы облыстық Білім басқармасы "Жыр алыбы - Жамбыл" атты мектеп оқушылары арасында (27.02-01.03.2017 ж.) өткен республикалық айтысқа белсене қатысқаны үшін 10 сынып оқушысы Құрмаш Даулет алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғалиев Қасым Нұрғалиұлы.