Мектеп тарихы қазақ елінің тарихымен бірге жасап келеді. 1928-1929 жылдары сауатсыздықпен жаппай күрес науқаны кезінде «Қызыл отау» түрінде пайда болып, одан қаншама жан сауат ашып шықты. 1930 жылдардағы аштық кезінде жабылып қалған «Қызыл отау» 1936 жылы бастауыш мектеп ретінде қайтадан бой көтерген екен.1949 жылы жетіжылдық мектеп болып қайта құрылып, 1979 жылға дейін осы статусын сақтады. Қазақтың біртуар ұлы Еркін Әуелбековтің бастамасымен 1975 жылы бой көтерген «Қазақстан» совхозы базасында екі қабатты заманауи мектеп ғимараты бой көтеріп, 1979 жылы күз айында Дауқара орта мектебі болып есігін ашты. Содан бері мектеп 36 рет түлектер ұшырыпты.
Мектепте 7 кабинет заманауи пәндік техникалармен жарақтанған: олар- физика,химия, информатика, мультимедиа,өзін-өзі тану кабинеттері және 2 кабинетке бағдарламалық аппарат комплексі орнатылған.
1-11-сыныптарда 21 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 9-ында (42%) екі немесе 3 пәнді игерген дипломдары бар. 15 мұғалім (71%) жоғарғы және бірінші санатты, 9 мұғалім (42%) деңгейлік курстан өткен оның 1-і бірінші, 2-і екінші, 6-ы үшінші деңгей.
Мектеп ғаламторға қосылған. Осындай жоғары әлеуетті ұстаздар қауымы бар мектеп ұжымы өзінің бар мүмкіндігін пайдалана отырып, Білім және ғылым Министрлігі қолға алып отырған реформаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосатынына сенімім мол.