Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы облыстық білім беру жүйесін дамытуға зор жеке үлесін қосқаны үшін математика пәні мұғалімі Альмаганбетова З. Ж. алғыс хатпен марапатталды.
"Шырайлы атты елімнің - қасиетінде жерімнің" атты аудандық шығармалар байқауында 10 сынып оқушылары Құрмаш Дәулет І орынға, Ақжігітова Ажар ІІ орынға ие болды.
Мектеп оқушыларына, мектеп ұжымына рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Адал Ұрпақ" ерікті клуб үйірмесі ашылды.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі Дауқара орта мектебінде 20 наурыз күні өтті. Мектеп директоры А. Нұрпейісов оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтап шықты. Жанұядаға ата-ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келінің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сердалина мен аға тәлімгер Қ. Мәжікеева"Пай-пай
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында 8 сынып оқушыларының жауапкершілігімен, сынып жетекшісі Дюсенова Балбөбек Қалелқызы "Аялайық ананы" атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ 1 сынып жетекшісі Сердалина Мақал Арапқызы "Мерекеңмен анашым" атты ертеңгілік өткізді және аналар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайысқа Қашқымбай Әділеттің анасы, Қуанышева Мадиянаның анасы, Қарабай Нұрсаяның
Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар" 15 наурыз 2016 ж. күнгі №4 кезектен тыс педагогикалық кеңесінде талқыланды. 17 наурыз 2016 ж. күні өткен ата-аналар қауымдастығы алдындағы қоғамдық тыңдауында білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесі талқыланды. Бірыңғай мектеп формасы "Білім туралы"Заңға енгізілген өзгертулерге, мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асып отырғанын, мектептің зияткерлік сипатын, мектеп оқушылары арасында