Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады.
18 қаңтар күні Дауқара орта мектебіне еңбегін сіңірген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, қадірлі әке, асыл ата зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Қасым Нұрғалиұлына арналған, «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі, шәкіртімен ақталады еңбегі» атты кеш өткізілді.
11 қаңтар күні мектебімізде мектеп түлектерімен кездесу кеші өткізілді. Алтын ұясынан қанат қағып кеткен әр түлектің мектеп ұжымы үшін орны бөлек. Кездесу кешіне осы мектептен түлеп ұшып, қазіргі уақытта Астана, Петропавл, Көкшетау қалаларының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер қауымы қатысты.
Дауқара орта мектебінде 27-інші желтоқсан күні шағын орталығының тәрбиешілері Абишева Г.Қ. мен Касеинова А. С. «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілік өткізді.