Дауқара орта мектебінде 23 қараша күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының талдауы өтті. Талдауға мектеп ұжымы мен 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелірен қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында 12 қарашадан 23 қарашаға дейін мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өтті.
14 қараша күні ән өнерін дамыту, дәстүрлі қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтау, жастар арасында ән шығармашылығының дамуын қолдау, сондай-ақ қазақтың дарынды сазгерлері Ақан сері, Үкілі Ыбырай т.б.халық композиторларының шығармашылықтары насихаттап оны келер ұрпаққа жеткізу мақсатында «Мәңгілік елдің – мәңгілік сарыны» атты аудандық байқауы өтті.
Дауқара орта мектебінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында, «Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен онкүндігі басталды.
Дауқара орта мектебінде 01.10-01.11.2018 ж. аралығында қарт адамдарға құрмет көрсету, оларға көмектесу мақсатында «Парыз» айлығы жоспары жасалып, соған сәйкес бірталай шаралар жүзеге асырылды.
9-қыркүйек күні 10-11сыныптың ата-аналарына арналған "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.