Дауқара орта Жаңа жыл мерекесі 3 мезгілде өткізілді. Шағын-орталығында, даярық тобында, бастауыш сыныптарда ертеңгілік өткізілсе, ал жоғары сыныптарда мерекелік кеш болып өтті. Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мұғалімдер, ата-аналар демеушілік көмек көрсетті. 22 желтоқсан күні аз қамтылған және көп балалы отбасынан 6-сынып оқушылары Қалел Айжарқын облыстық әкім шыршасына, Абаева Айжанар аудандық әкім шыршасына қатысып келді.
Дауқара орта мектебінің 10, 11-сынып оқушылары Құрмаш Дәулет (облыстық оқушылар айтысы І-орын), Әлібеков Заманбек (республикалық Мағжан оқулары І-орын жеңімпазы) және бұрынғы оқушымыз, айтыс ақыны Қоңқаев Мұхамед 12 желтоқсан күні Айыртау ауданы әкімі А. Тастеміров қатысқан «Тәуелсіз Қазақстан жұлдыздары» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Желтоқсанның 7-8 жұлдызында №1 Саумалкөл орта мектебінде оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Зияткерлік сайыста біздің мектебімізден 8 оқушы қатысып, 6 оқушысы жүлделі орындар алды. 10-сынып оқушысы Әлібеков Заманбек І орын, , 8-сынып оқушылары Қалымова Гүлзат ІІ-орынға, Динаш Камила ІІІ-орынға, 11-сынып оқушылары Құрмаш Дәулет пен Ақжігітова Ажар ІІІ-орынға ие болды, жетекшісі Нұрғалиев Қ.Н. Биология пәнінен 11-сынып оқушысы Баймағанбетова Махаббат ІІ-орынға ие болды, жетекшісі Абдушева А.б.
29 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Жалынды жастар жырлайды» ұранымен облыстық жас ақындар айтысы өтті. Аталмыш сайысқа Қызылжар мен Көкшетау өңірлерінің 11 ұланы қатысты. Біздің мектебімізден 10-сынып оқушысы Әлібеков Заманбек пен 11-сынып оқушысы Құрмаш Дәулет қатысты, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғалиев Қасым Нұрғалиұлы. Айтыстың ең үздігі болып Дәулет Құрмаш танылды.
Дауқара орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай бір қатар іс-шаралар өтті. Ең алдымен мектеп сырты, іші мерекеге сай безендірілді, кітапханада ҚР Президентіне арналған "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ұлт көшбасшысы" атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. " Барлық сыныптарда "Менің елім, менің Президентім" атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. "Елін сүйген, ел сүйген Елбасы" тақырыбында деректі фильм көрсетілді. 1-6 сыныптар арасында "Астана - сәулетті қала" атты суреттер сайысы өтті. "Тұңғыш Президент - мемлекет көшбасшы" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Латын графикасына көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар латын қарпімен қарым-қатынас жасау үшін группа ашуға келісіп, тарқасты.