Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында 8 сынып оқушыларының жауапкершілігімен, сынып жетекшісі Дюсенова Балбөбек Қалелқызы "Аялайық ананы" атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ 1 сынып жетекшісі Сердалина Мақал Арапқызы "Мерекеңмен анашым" атты ертеңгілік өткізді және аналар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайысқа Қашқымбай Әділеттің анасы, Қуанышева Мадиянаның анасы, Қарабай Нұрсаяның анашы қатысты. Сайыс 5 турда өтті: таныстыру, мақалды жалғастыру, әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік, "Шешеге қарап-қыз өсер" қолөнер сайысы, өнерлі өрге жүзер. Аналар "Биязы ана", "Мейірімді ана", "Парасатты ана" номинациялар бойынша марапатталды. Оқушылар аналарына арналған тақпақтарын, әндерін айтып, өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын сыйлады.