Дауқара орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай бір қатар іс-шаралар өтті. Ең алдымен мектеп сырты, іші мерекеге сай безендірілді, кітапханада ҚР Президентіне арналған "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ұлт көшбасшысы" атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. " Барлық сыныптарда "Менің елім, менің Президентім" атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. "Елін сүйген, ел сүйген Елбасы" тақырыбында деректі фильм көрсетілді. 1-6 сыныптар арасында "Астана - сәулетті қала" атты суреттер сайысы өтті. "Тұңғыш Президент - мемлекет көшбасшы" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарма сайысы өткізілді. Үздік шығарма иесі мақтау қағазымен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұңғыш Президент күніне арналған 5-11 сыныптар арасында спортық шаралар ұйымдастырды. "Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы" тақырыбында аға тәлімгер дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - оқушыларға елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, Отансүйгіштікке тірбиелеу. Мерекелік іс-шараның соңы салтанатты жиынмен аяқталды. Жиында өткен іс-шараларға қорытында жасалып, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.