Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
ХАТТАМА №1
03.01.2018 ж.
Кеңес мүшелері - 15
Қатысты – 12
Күн тәртібінде:
Дауқара орта мектебінің жанынан өздерінің жазбашаберілген келісіміне сәйкес төмендегі кісілер қамқоршылық кеңесінің құрамына ұсынылады:
1. Жахиен Қ.Қ. «Жарқын СК» ЖШС меңгеруші – шарауашылық ұжымынан
2. Кожахметов С.К. жеке кәсіпкер-орынбасар
3. Сарсекова Р.К. - кеңес хатшысы
4. Понамарев А.Ф. «Жарқын СК» ЖШС директоры, бас демеуші
5. Михин Е.М. - кеңес мүшесі
6. Касенов С.О. Сырымбет селолық округінің әкімі - кеңес мүшесі
7. Уалиев Е.А. учаскелік инспектор - кеңес мүшесі
8. Мұқажанов е.К. кәсіпкер - кеңес мүшесі
9. Мажикеев С.Е. «Жарқын СК» ЖШС бригадир - кеңес мүшесі
10. Мажикеева С.С. Айыртау аудандық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы - кеңес мүшесі
11. Дюсенов Б.К. жұмыссыз - кеңес мүшесі
12. Казбеков Е. К. ИП "Казбеков" - кеңес мүшесі
13. Тлеубаева Р.Р. №2 мектеп-гимназиясының директоры
14.Уалиев А.К. жұмыссыз - кеңес мүшесі
15. Сандыбаева Г.К. жұмыссыз - Қамқоршылық кеңесінің қазынашыс
Тыңдалды:
Алғашқы мәселе бойынша мектеп директоры Нұрпейісов А.Н. сөз алды. Атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқтала келе ата-аналар кеңесімен бірлесе отыра мектебіміздің материалдық-базалық жағдайын нығайтуға қосқан үлестері және атаулы мерекелер және аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылатын білім, мәдени, спорттық шараларға қатысуына жауапкершілік танытып отырғандығы жайлы тоқталды.
Жас ұрпақтың сапалы білім алып, бос уақыттарын тиімді өткізуіне мектеп ұжымымен үнемі бірлесе жұмыс атқарғандықтарын ерекше атап өтті.
Жоғарыдағы ұсынылған Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен төраға туралы мәселе талқыланды.
Мектеп басшысы қамқоршылық кеңесінің құрамы өзгеріссіз қалуын ұсынды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын ұсынып, талқылады.
Қаулы:
. Төраға қолы, аты-жөні: Жахиен К.К.
Хатшы қолы, аты-жөні: Сарсекова Р.К.