Әке –асқар тау, ана – қайнар бұлақ
Қаңтардың 12 жұлдызында Дауқара орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері Жахиена Айнаш Әлтайқызы, Нұрмағанбетова Нұргүл Балхашқызы, Қиманова Гүлсара Оралқызы «Әке –асқар тау, ана – қайнар бұлақ» атты көп балалы отбасыларына арналған демалыс кешін ұйымдастырды.
Ата-ананың бар тілегі баласының жақсы адам болуы емес пе? Баласының жамандығына күйінбейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім беруде басты тұлға ұстаз болса, оның рухани тәрбиешісі – ата-ана. Осы күнге орай Қаңтардың 12 жұлдызында Дауқара орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері Жахиена Айнаш Әлтайқызы, Нұрмағанбетова Нұргүл Балхашқызы, Қиманова Гүлсара Оралқызы «Әке –асқар тау, ана – қайнар бұлақ» атты көп балалы отбасыларына арналған демалыс кешін ұйымдастырды. Демалыс кешіне шақырылған Рустемовтар, Сәрсековтар, Дүйсеновтар отбасыларына мерекелік дастархан жайылды. 6 сынып оқушылары Қалым Мөлдірдің орындауында «Әке-ана және Балхаш Айғанымның орындауында «Мама», «Бақытты болғым келеді» әндері шырқалды. Ата-аналар мен балаларға «Жанұя» ойыны (сұрақтарға жауап беру) , «Отбасы бақыты ол...», «Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...» сөйлемді жалғастыру ойыны ұсынылды. Ата-аналар мен балалар өз ойларын ортаға салып, өз отбасыларына деген махаббат, мақтаныш сезімдерін көрсетті. Отбасы, ұшқан ұя – мейірімділіктің, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екені сезіледі. Сондықтан оттың басы, берік, ошақтың түтіні түзу ұшу үшін, кештің соңында «Тілекшамы» жағылды. Ата-аналар мен балалар шеңберге тұрып, бір-біріне шамды бере отырып, кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Осындайда «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,-деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ұлағатты сөзі еріксіз еске оралады екен.
15.01.2018
0