Меню KDT

logo.png?_=1675674764


КГУ "Даукаринская СШ"
  • kz
  • Новости  

    Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

       5-наурыз күні жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында бірыңғай сабақ өтті. 10-сынып жетекшісі Дүйсенова Қарлыға Қаратайқызы мен 5-сынып жетекшісі Тоқышева Дамира Әлтайқызы 5-11 сыныптар арасында және мұғалімдердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тренинг- сабағын өткізді.

        5-наурыз күні жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында бірыңғай сабақ өтті. 10-сынып жетекшісі Дүйсенова Қарлыға Қаратайқызы мен 5-сынып жетекшісі Тоқышева Дамира Әлтайқызы 5-11 сыныптар арасында және мұғалімдердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тренинг- сабағын өткізді. Қатысушылар үш топқа бөлінді:  «Туған жер», «Болашақ»,  «Көк байрақ» (мұғалімдер тобы). Әр топ өзінің ұраны мен әнімен таныстырды. Сабақтың басында оқушылардың назарына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар бейнероликте  көрсетілген негізгі ойын айқындап, сабақтың тақырыбын анықтады. Келесі тапсырма бйынша  оқушылар «сыбайлас жемқорлық»  сөз тіркесіне  ассоциация құрды. Оқушыларға сыбайлас жемқорлық деген не? сұрақ қойылды.    Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әр топқа жағдаяттар берілді. Қатысушылар сол жағдаяттардан шығу жолдарын көрініс арқылы көрсетті. Жағдаяттардың негізгі ойы сыйлық пен параның айырмашылығы неде екенін түсіндіру. Сонымен қатар сабақ барысында сыбайлыс жемқорлық туралы теориялық мәліметтер берілді, бейнероликтер көрсетілді, ойындар ойнатылды. Елдің  әр азаматы кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек екені айтылды.

     

    05.03.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки