8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер мен мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Шағын-орталығының тәрбиешісі Абишева Г.Қ. «Асыл Анашым», бастауыш сынып мұғалімдері «Ана – өмір шырағы» тақырыптарында ертеңгіліктер өткізді. 5-11 сыныптар арасында 8 сынып оқушылар мен сынып жетекшісі Альмаганбетова З.Ж. жауапкершілігімен «Аналарға тағзым етейік...» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Балалар аналарға арналған билерін билеп, өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойындар ойнатып, өздері жасаған сыйлықтарын табыс етті.