Қазақ елі – достықтың мекені!
Дауқара орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өтті.
Дауқара орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өтті. Бұл күн Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Мерекенің ашылуы салтанатты жиынмен басталды. «Әр қашан достық болсын тақырыбында сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. 5-11сынып оқушылар арасында «Қазақ елі – достықтың мекені» фестивалі өтті. Әр сынып Қазақстанда тұратын: орыс, белорус, қырғыз, украин, өзбек ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық киімдерін көрсетті. Сондай-ақ оқушылар ән йтып, би билеп көңілдерін көтерді.
02.05.2018
0