25 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ел жүрегі - Астана» атты Астана қаласына 20 жыл толуына арналған соңғы қоңырау мерекесі өтті. Соңғы қоңырау мерекесіне аудандық білім бөлімінің әдіскері Тулеуов Ж. Қ., «Жарқын СК» жауапкершілік шектеулі серіктестік өкілі Жахиен Қанатбек Құрмашұлы, мектебіміздің қарт ұстаздары және осыдан 25 жыл бұрын 1993 жылы мектебімізді бітірген түлектеріміз қатысты.
Келген қонақ түлектеріміз мектепке спорттық инвентарь сыйласа, мектеп бітіруші түлектің ата-анасы Абдушева Г.Қ. фотоаппарат, мұражайға кітаптар және 1- сынып оқушыларына кітапшалар сыйға тартты.