Дауқара орта мектебінде 23 қараша күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының талдауы өтті. Талдауға мектеп ұжымы мен 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Дауқара орта мектебінде 23 қараша күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының талдауы өтті. Талдауға мектеп ұжымы мен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл мақала уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарын қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашады. Елбасымыздың ой-толғамы өскелең ұрпаққа, жарқын болашаққа жол десек те болады.