Меню KDT

logo.png?_=1675674764


КГУ "Даукаринская СШ"
  • kz
  • Новости  

    «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі, шәкіртімен ақталады еңбегі» шығармашылық кеш

    18 қаңтар күні Дауқара орта мектебіне еңбегін сіңірген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, қадірлі әке,  асыл ата  зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Қасым Нұрғалиұлына арналған, «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі, шәкіртімен ақталады еңбегі» атты кеш өткізілді.

        18 қаңтар күні Дауқара орта мектебіне еңбегін сіңірген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, қадірлі әке,  асыл ата  зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Қасым Нұрғалиұлына арналған, «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі, шәкіртімен ақталады еңбегі» атты кеш өткізілді. Бұл кешке Қасым Нұрғалиұлының сыныптас-құрдастары Жақсылық Искаков, Еркінбай Калиев және жолын қуған, ұстаздық мамандықты таңдап, еңбек етіп жүрген шәкірттері: Саумалкөл қазақ орта мектебінде ұстаздық етіп, шәкірттерін ақындық өнерге баулып жүрген Дөкетбаев Руслан. Орақ  тілімен, өткір сөзімен Орынбай бабамыздан қалған сара жолды жалғап, ел абыройын асқақтатып, бір неше дүркін республикалық айтыстардың жүлдегері атанып жүр.  Бүгінде Көкшетау қаласындағы Көкен Шәкей атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Қоңқаев Мұхамед. Аудан орталығындағы «Родничок» балабақшасында  қазақ тілі пәнінің мұғалімі,  облыстық «Жүзден жүйрік» сайысының жеңімпазы Сабырова Гүлдария және қазіргі таңда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенттері  Құрмаш Дәулет, Ақжігіт Ажар шақырылды. Іс-шараны мектеп директоры А. Нұрпейісов құттықтау сөзімен ашты. Сынптастары шәкірттік, жастық  кезеңдерін еске түсіріп, Қасым Нұрғалиұлының мінез-құлқы, қызықты оқиғалары туралы әңгімеледі. Шәкірттері жан ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, өздеріннің бойына  ұялалатқан адами құндылықтарын, берген тәлім-тәрбиесінің арқасында үлкен жетістіктерге жеткендері туралы айтып өтті. Кешіміздің соңы  Мұхамедтің алып келген шәкірттерінің айтыс ұйымдастыруымен аяқталды.

    21.01.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки