Ауғанстан – жүректегі жара
Дауқара орта мектебінде 4.02-15.02 аралығында Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.
Дауқара орта мектебінде 4.02-15.02 аралығында Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары құрылып, аталып өтті. «Ауғанның от кешкендері» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді. Аға тәлімгер Тоқышева 5-7сыныптар Д.А. «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдушева А.Б. «Мен болашақ Отан қорғаушысымын!» атты суреттер байқауын өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Жанысова Т.Қ. 5-11сыныптар арасында «Ешкім де ұмытылған жоқ, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» патриоттық әндер байқауын өткізді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Садвакасов А.Ж. 8-11 сыныптар арасында «Ер есімі-ел есінде» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Ауған соғысының ардагері, Дауқара ауылының тұрғыны Казбеков Еламан Қашқынбайұлы туралы әскер қатарындағы фотосуреттер көрсетіліп, өмірбаянымен таныстырылды.
16.02.2019
0