Алғыс айту күні
Дауқара орта мектебінде «Алғыс айту» күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді.
Дауқара орта мектебінде «Алғыс айту» күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Кітапханада «Біз ризамыз саған Қазақстан» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылы. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында 1-8 сыныптар арасында сурет көрмесін өткізді. Сондай-ақ «Шебер қолдар» үйірменің жетекшісі Алтаева И. М. «Ғажайып әлем» атты шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды. Сынып жетекшілер «Халықтар достығы - мәңгілік» тақырыбында әңгіме өткізді. Аға тәлімгер Тоқышева Д. А. ұйымдастыруымен «Қамқорлық» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары зейнеткерлердің ауласын қардан тазалап, көмектерін көрсетті. «Қазақстан халқына алғыс» тақырыбында әдеби музыкалық кеш өтті. Барлық мерекелік шаралар жақсы көңіл күйде, жақсы деңгейде өтті. Іс-шараларға 1-11 сынып оқушылар қамтылды, жалпы 65оқушы қатысты.
02.03.2019
0