Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар" 15 наурыз 2016 ж. күнгі №4 кезектен тыс педагогикалық кеңесінде талқыланды. 17 наурыз 2016 ж. күні өткен ата-аналар қауымдастығы алдындағы қоғамдық тыңдауында білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесі талқыланды. Бірыңғай мектеп формасы "Білім туралы"Заңға енгізілген өзгертулерге, мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асып отырғанын, мектептің зияткерлік сипатын, мектеп оқушылары арасында мүліктік алшақтықты болдыртпауды мақсат ететіні ата-аналарға түсіндірілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сердалина ата-аналарды мектеп формасына қойылатын жалпы ережесімен, талаптарымен таныстырды. СҚО, Петропавл қаласындағы сыртқы киім шығару өндірісі (мектеп оқушыларына арналған) "Сокирко С.Н." ЖК келісім шартқа тұрып, ата-аналар шешімдері негізінде бірыңғай мектеп формасы төмендегідей болып белгіленді ұл балалар үшін: қара көк түсті шалбар, желет, ақ көйлек. Қыз балалар үшін: қара көк торкөзді юбка, желет, ақ блузка.