Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі Дауқара орта мектебінде 20 наурыз күні өтті. Мектеп директоры А. Нұрпейісов оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтап шықты. Жанұядаға ата-ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келінің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сердалина мен аға тәлімгер Қ. Мәжікеева"Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері -ай!" атты сайыс өткізді. Сайысқа аулымыздың үлгілі төрт келіні қатысты. Келіндер әр тапсырмалар бойынша сыннан сүрінбей өтті. Сайыскерлер мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды .