ХVІІІ республикалық Абай, Шәкәрім және VІІІ Махамбет оқулары
Айыртау ауданында өткен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында ХVІІІ республикалық Абай, Шәкәрім және VІІІ Махамбет оқуларының байқауына біздің мектептен 12 оқушы қатысты. Оның 11 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
Айыртау ауданында өткен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында ХVІІІ республикалық Абай,Шәкәрім және VІІІ Махамбет оқуларының байқауына біздің мектептен 12 оқушы қатысты. Абай оқуларының "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Құрмаш Дәулет І-орынға ие болды. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша 8-сынып оқушысы Ақжігіт Алмаз ІІ-орынға ие болды. "Көңілім әнді ұғады" Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы бойынша 7-сынып оқушысы Дінәш Камила ІІІ-орынға ие болса, 5-сынып оқушысы Құнанбай Мадияр белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды. "Ұлы арман" - Махамбет күйлері мен Фариза Оңғарсынова өлеңдеріне жазылған әндері орындаушылардың конкурсы бойынша 7-сынып оқушысы Сұраған Аяжан І-орынға, 6-сынып оқушылары Балхаш Айғаным мен Қалым Мөлдір ІІІ-орынға ие болды. "Тартынбай сөйлер асылмын"-жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау) бойынша Әлібеков Заманбек пен 10 сынып оқушысы Ақжігітова Ажар ІІ-орынға ие болды. "Ел құтқарар ер едім..." номинациясы бойынша Махамбет өлеңдерін жатқа айтқаны үшін Сапаров Аңсаған ІІІ-орынға ие болды. Жыршылар байқауында "Алатаудай айбатты, Ер екенсің айтулы"-қазақ халқының батырлар жыры туындыларын білгілер сайысы бойынша 7-сынып оқушысы Қалымова Гүлзат ІІ-орынға ие болды. "Қайратты туған ер еді..."-қазақ халқының батырлар жырындағы туындыларды жыршылар мәнерінде мәнерлеп оқу конкурсы бойынша 8-сынып оқушысы Қалымов Мирас ІІІ-орынға ие болды. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғалиев Қ.Н. және музыка пәні мұғалімі Жанысова Т.Қ.
17.04.2017
0