16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні
«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесінде іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесінде іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Мұқажанова Г.Қ. ұйымдастыруымен «Тәуелсіз таңым атқанда» атты ертеңгілік өтті. Сынып жетекшілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сынып сағаттарын өткізді. 1-сынып жетекшісі Нұрмағанбетова Н. Б. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Тарих пәнінің мұғалімдері Тоқышева Д. А. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған 7-8,10 сынып оқушылардың қатысуымен «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өткізсе, Дүйсенова Б.Қ. 9-сынып оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты танымдық сайыс өткізді. Жеңімпаздар мектепішілік мақтау қағаздарымен мараптталды. 15-қараша күні 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған, аға тәлімгер Мажикеева Қ.А. ұйымдастыруымен, салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты мерекелік концер ұйымдастырылды.
19.12.2017
0