Дауқара орта Жаңа жыл мерекесі 3 мезгілде өткізілді. Шағын-орталығында, даярық тобында, бастауыш сыныптарда ертеңгілік өткізілсе, ал жоғары сыныптарда мерекелік кеш болып өтті. Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мұғалімдер, ата-аналар демеушілік көмек көрсетті. 22 желтоқсан күні аз қамтылған және көп балалы отбасынан 6-сынып оқушылары Қалел Айжарқын облыстық әкім шыршасына, Абаева Айжанар аудандық әкім шыршасына қатысып келді.