Дауқара орта мектебінде ақпанның 1-нен 12-не дейін «Өзін-өзітану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атауымен балаларды адамгершілік-рухани дамытуға арналған «Өзін-өзі тану» онкүндігі өтті. Онкүндік аясында іс-шаралар жоспары құрастырылып, әр күн ерекше мейірімділікпен, қайырымдылықпен, махаббатпен, құрметпен өтті.1-ақпан күні онкүндік салтанатты ашылды, салтанатты жиында балалар бейбітшілік, махаббат туралы өлеңдер оқыды, мейірімділік, махаббат, достық туралы әндер айтты.
Мектеп кітапханашы Мажикеева Жанна Николаевна «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында мазмұнды көрме ұйымдастырды және 5-8 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сондай-ақ оқушылар шығармашылық конкурстарына да белсенді қатысты. Ана, достық, мейірім туралы тақырыптарға сурет салып, әртүрлі материалдардан бұйымдар жасап, шығарма, эссе, авторлық өлеңдер жазып өз өнерлерін көрсете білді. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Киманова Г.М. 9-11 сыныптар арасында «Бәрі де махабаттан бастау алады» атты дебат өткізді. Іс-шара барысында ана махаббаты, қыз бен жігіт арасындағы махаббат, отанға, табиғатқа деген махаббат туралы ой қозғалды. Оқушылар өмірде махаббаттың алатын орны ерекше екенін дәлелдеп, өз пікірлерін ортаға салды.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Сердалина Алмагүл Сәбитқызы 5-сыныпта «Адами қарым-қатынастар әлемі», Сердалина Мақпал Арапқызы 2-сыныпта «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Онкүндік барысында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы жарияланды. Дауқара орта мектебінің мұғалімдері акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларының балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен киімдер сыйға тартты. Акция аясында «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері аға тәлімгер Мажикеева Қымбат Арапқызының жетекшілігімен жалғыз зейнеткерлерді, педагогикалық еңбек ардагерлерін аралады, оларды қамқорлықпен бөледі, ашық хаттар сыйлады және көмек көрсетті.
«Бақытты балалық шақ» мерекелік концертпен онкүндік аяқталды. Ол өте қаныққан болды және әр оқушының жанында қалады. «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пән өте маңызды екенін, өзінді балалық кезден тану керек екенін және ересек өмірге қадам жасау жеңіл болатынын түсінді. Осы пән сүйіп білуге және мейірімділік жасауға, намыс бойынша дұрыс жасауға үйретеді.