Мұқағали Мақатаевтың 87 жылдығына арналған кеш
Мектеп кітапханашы Мажикеева Ж.Н. 9-ақпан күні қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың 87 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешін өткізді.
Кеш ұш бөлімнен құрылды. "Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы" бөлімінде ақынның өмір жолынан деректерге назар аударылды. "Поэзия жүрек тілі" бөлімінде оқушылар ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне, анаға арналған өлеңдері мен әндерін орындады. "Жас ақындар" бөлімінде оқушылар өз шығармашылығынан Мұқағали Мақатаевқа арналған өлеңдерін оқыды.
10.02.2018
0