Мерекелік кешке көрші Егінді Ағаш орталу мектебінің ұстаздары мен оқушылары шақырылды. Келген қонақтарға мектепішілік саяхат жасап, оқушылардың ұйымдастыруымен қойылған концерті тамашалады. Кеш мектеп директоры А. Нұрпейісовтың құттықтау сөзінен басталып, психологінің «Амандасу», «Танысу» тренингтерімен жалғасты. Қонақтар алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін де көрсетті. Мереке соңында қонақтарға естелік сыйлықтар беріліп, дастырхан жайылды. Алғыс айту күні жоғары дәрежеде өтті.