5-сәуір күні Қызылжар қалалық Мәдениет үйінде Алаштың ардақты ақыны, күллі түркі әлемінің тарланбозы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған «Мен жастарға сенемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Біздің мектептен екі оқушы – Әлібеков Заманбек пен Құрмаш Дәулет қатысты. Заманбек алғаш рет шықса да дипломмен марапатталып, ақшалы сыйлыққа ие болды. Ал Дәулет соңғы үш-төрт жылдың көлемінде айтысқа қатысып, сахнаға шығып келеді. Дәулет бас жүлде алып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаевтың грантына ие болды. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Жанбай Қадыров салтанатты түрде университетте тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты табыс етті. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», демекші Дәулетті айтыс өнеріне баулап жүрген бапкері, әрі мұғалімі Нұрғалиев Қасым Нұрғалиұлы.