Дауқара орта мектебінде ата-аналар жиналысында төтенше жағдайға жауапты Садвакасов А.Ж. өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы айтып шықты. Сондай-ақ оқушылармен жылына екі рет өртке қарсы қауіпсіздік жаттығулары өткізіледі. Мектепте өрт болған жағдайда дабыл қағатын сигнализация орнатылған. Негізгі және екі қосалқы есіктерде "шығу" деген жазулары жанып тұрады. Әр кабинетте өрт сөндіргіш құралдары бар, олар тексерістен өткен.