Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанында «Достық» атты жазғы сауықтыру лагері ашылды.
Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанында «Достық» атты жазғы сауықтыру лагері ашылды. Лагерьге 1сыныптан – 7сыныпқа дейін оқушылар қатысады. Әр сыныптан құралған топ болғандықтан, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты бағыттар бойынша жоспар құрылды. Жазғы сауықтыру лагерінің жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Қиманова Г.О. тағайындалды.