Меню KDT

logo.png?_=1675674764


КГУ "Даукаринская СШ"
  • kz
  • Новости  

    "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!" онкүндіктің аяқталуы

    Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелірен қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында  12 қарашадан 23 қарашаға дейін мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өтті. 

        12 қараша күні қойылған мақсатты  негізге ала отырып жоспар құрылып, мектеп директорына бекітілді. 13 қараша күні тіл мамандарының жетекшілігімен оқушыларға «Зорлық-зомбылықсыз болашақ» атты эссе жазғызды. 14 қараша күні балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның  жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту мақсатында мектеп психологі Киманова Г.М. тәрбие сағатын өткізді. 15 қараша күні сурет пәні мұғалімі Абдушева А.Б. «Әр қашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. 16 қараша күні мектеп психологі осы тақырыпқа байланысты сауалнама алды. 19 қараша күні «Біз жарқын болашаққа сенеміз» атты флеш моб орта буын мен жоғары сынып оқушылары ұйымдастырды. 20 қараша күні медбике оқушыларға «Салауатты өмір салтын қолдау» тақырыбында  дәріс оқыды және бейнероликтер көрсетті. 21 қараша күні бастауыш сынып оқушылар арасында «Бақытты жанұя» фотосуреттер конкурсы өтті. 22 қараша күні «Құпия дос» ойыны ұйымдастырылды, онда оқушылар бір –біріне қолдан жасаған сыйлықтар мен жағымды сөздер жазып достарына құпиялық сақтай отырып сыйлықтар сыйға тартты. 23 қараша күні онкүндікті қорытындылап белсене қатысқан оқушылар марапаттарға ие болды.

     

    23.11.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки