Ең алдымен мектеп сырты, іші мерекеге сай безендірілді, кітапханада ҚР Президентіне арналған "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ұлт көшбасшысы" атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда "Менің елім, менің Президентім" атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Токишева Д.А. 5-7 сыныптарды Н. А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен таныстырып шықты. 1-6 сыныптар арасында "Бұл менің Қазақстаным" атты суреттер сайысы өтті. "Егер мен президент болсам" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарма сайысы өтті.Үздік шығарма иесі мақтау қағазымен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұңғыш Президент күніне арналған 5-11 сыныптар арасында спортық шаралар ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараның соңы салтанатты жиынмен аяқталды. Жиында өткен іс-шараларға қорытында жасалып, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.