Аудандық олимпиаданың жүлдегерлері
6-7 желтоқсан күндері аудандық пәндік олимпиадасы өтті.
6-7 желтоқсан күндері аудандық пәндік олимпиадасы өтті. Біздің мектебімізден 7 оқушы қатысып, 4-еуі жүлделі орындарға ие болды. 11-сынып оқушысы Әскенова Гүлраушан Қазақстан тарихы пәні бойынша 3-орынға, 8-сынып оқушысы Күзембай Назерке қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3-орынға, 9-сынып оқушысы Сұраған Аяжан математика пәні бойынша 2- орынға, 11-сынып оқушысы Алибеков Заманбек қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 1-орынға ие болды. Алибеков Заманбек облыстық пәндер олимпиадасына жолдама алды.
08.12.2018
0