12-желтоқсан күні аға тәлімгер Токишева Д. А. ұйымдастыруымен, 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Жиында 5-сынып оқушылары ант беріп, ұйымға қабылданды. Жасұланшыларының қатары 13 оқушымен толықты. Жалпы мектепте 44 жасұланшы бар.
Тарих пәнінің мұғалімі Дюсенова Б.Қ. 10-11сыныптар арасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің кезеңдері» атты викторина өткізді. Оқушылар «Жұлдыздар» мен «Алғырлар» топтарына бөлінді. Викторина 4кезеңнен құрылды: «Кім жылдам», «Тіл-өнері», «Әріптер сөйлейді», «Дода». Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіске "Алғырлар" тобы жетті.